Ұмытылмас дидарласу немесе автобустағы жалаңбас әжей

Кеш қарайып бара жатыр. Отыз екінші бағыттағы автобус бәсекелесімен жарысып, ызғытып, құйындай ұшып келеді. Солқ етіп тоқтағанда, отырған орыныңнан ұшып кете жаздайсың. Ол бейбақ жүргізшілердің бұлай жанұшыруы күн көріс қамы екенін білгендіктен де, түсіністікпен үндемей қоя салып, жақтырмағаныңды көзіңмен ғана ұқтырумен шектелесің. Тоқтаған аялдамадан жасы жетпіс шамасындағы әжей кірді де, дәл менің алдымдағы орынға жайғасты. Ақ шалған жалаңбасы әуелгіде тосын көрінгені рас. Мен арт жағынан құлағына сыбарладым:
«Әжей, басыңызда неге ақ жаулығыңыз жоқ?». Жалт етіп қарады. Сырлы аяқтың сыны кетсе де, сыры кетпегендей. Көзі ойнақшып тұр екен: «Мен кезінде полиция болғанмын, ендеше маған ондай мұндайларыңның түк қажеті жоқ. Я современная»-, деді саусағын шошайтып.
Әрі қарай